back-image
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Алтын күз» мерекесі аясында «Күзгі базар» байқауы ұйымдастырылды
16-10-2026 23:35
«Алтын күз» мерекесі аясында «Күзгі базар» байқауы ұйымдастырылды
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Алтын күз» мерекесі аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Күзгі базар» атты мерекелік байқау ұйымдастырылды.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, кәсіпкерлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
 
Мерекелік байқау барысында оқушылар күз мезгілінің молшылығын бейнелейтін түрлі жеміс-жидектерді, көкөністерді, үй жағдайында дайындалған тағамдар мен тәттілерді ұсынып, өздерінің тапқырлығы мен шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
 
«Күзгі базар» оқушылардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, сауда мәдениеті мен қаржылық сауаттылық туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.
 
Аталған іс-шара мектеп өміріне ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығын арттырды.
 
Алтын күз – береке мен молшылықтың, еңбек пен бірліктің мерекесі!
Жаңалықтар