АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ!
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы аясында ата-аналарға арналған тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті нығайту, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Тренинг барысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, өзара түсіністік пен эмоционалдық қолдаудың маңыздылығы туралы мәселелер қозғалды.
Ата-аналар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Осындай кездесулер ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын кеңейтіп, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Саналы ұрпақ тәрбиесі – отбасы мен мектептің ортақ міндеті! ????