back-image
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
02-11-2026 11:24
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Мектебімізде 2026–2027 оқу жылының І тоқсан қорытындысына арналған педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
 
Педагогикалық кеңесте І тоқсанда атқарылған оқу-тәрбие жұмыстары жан-жақты сараланып, білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу жетістіктерін жетілдіру және алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
 
Кеңес барысында төмендегі негізгі мәселелер қарастырылды:
 
І тоқсанның оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы. Оқушылардың білім көрсеткіштері, оқу бағдарламаларының орындалуы, пәндер бойынша жетістіктері мен білім сапасын жақсарту жолдары талданды.
 
Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелері. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар, оқушылардың тәртібі, қауіпсіздігі, құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстары және алдағы міндеттер қарастырылды.
 
 Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы. Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың оқу жетістіктері, білім сапасы, пәндік олимпиадалар мен байқаулардағы нәтижелері және оқу дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды.
 
 BilimAL электрондық жүйесі бойынша жұмыс. Электрондық журналдың уақытылы және сапалы толтырылуы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың жүргізілуі, оқушылардың бағалары мен үй тапсырмаларының енгізілуі, педагогтердің жүйемен жұмыс жүргізу тәртібі талқыланды.
 
Кеңес барысында педагогтер өзара пікір алмасып, І тоқсандағы жетістіктер мен назар аударуды қажет ететін мәселелерге тоқталды.
 
✅ Отырыстың қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, бастауыш сыныптардағы білім нәтижелерін жақсарту және BilimAL жүйесіндегі жұмыстарды жетілдіру бағытында тиісті міндеттер айқындалды.
 
✨ Сапалы білім мен саналы тәрбие – ұстаздардың бірлескен еңбегінің нәтижесі!
Жаңалықтар