25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 25 қазан – Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихына деген құрметін арттыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, егемендіктің маңызы, еліміздің жетістіктері мен болашаққа бағытталған игі бастамалары кеңінен насихатталды.
Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, туған жерге, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызын терең түсінуіне ықпал етті.
Республика күні – елдігіміздің, бірлігіміз бен егемендігіміздің айқын көрінісі!
Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!