back-image
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
МЕКТЕП ЖҮРЕГІ – МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ»
03-11-2026 10:40
МЕКТЕП ЖҮРЕГІ – МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ»
 Мектебімізде кіші қызметкерлерге арналған «Мектеп жүрегі – мейірім мен жауапкершілікте» тақырыбында оқыту жұмысы мен психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мектеп қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ білім алушылармен қарым-қатынаста мейірімділік пен әдептілік қағидаларын сақтау мәдениетін дамыту.
Оқыту жұмысы барысында қызметкерлерге мектептегі қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, қызметтік әдепті сақтау және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар мектеп психологының ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушылар өзара сенімділік, бір-бірін қолдау, жағымды қарым-қатынас орнату және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындады.
Іс-шара барысында әрбір қызметкердің мектеп өміріндегі орны ерекше екендігі, мейірімділік пен жауапкершілік қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды негізі екендігі атап өтілді.
 Мейірімді орта – берекелі ұжым, ал жауапкершілік – қауіпсіз мектеп кепілі!
Жаңалықтар