ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЛАЙФХАКТАР: ТӘЖІРИБЕДЕН – НӘТИЖЕГЕ
Шет ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен география пәні мұғалімдеріне арналған күзгі мектеп жұмысы аясында «Жердің тектоникалық құрылымы» тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді.
???? Шеберлік сабақ барысында Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Хадалхан Кунсулу Мирабекқызы өзі құрастырған GeoSmart AI авторлық цифрлық платформасын таныстырды.
???? GeoSmart AI – география сабағын заманауи, қызықты әрі интерактивті ұйымдастыруға бағытталған білім беру платформасы.
Платформада географиялық ойындар, интерактивті тапсырмалар, картамен жұмыс, бейнематериалдар, анимациялар және кері байланыс әдістері біріктірілген.
✨ Шеберлік сабақ барысында мұғалімдерге платформаның мүмкіндіктері таныстырылып, оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
???? Басты мақсат – жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мұғалім жұмысын жеңілдету, оқушылардың географиялық сауаттылығын дамыту және сабақтың тиімділігін арттыру.