back-image
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Алтын күз» мерекесі аясында «Bauyrsak party» ұйымдастырылды
15-10-2026 23:31
«Алтын күз» мерекесі аясында «Bauyrsak party» ұйымдастырылды
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Алтын күз» мерекесіне орай бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Bauyrsak party» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеуге, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу.
 
Мерекелік шара барысында бастауыш сынып оқушылары қазақ халқының дастарқанынан ерекше орын алатын бауырсақты таныстырып, ұлттық тағамның құндылығын насихаттады.
 
«Bauyrsak party» оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
 
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт-дәстүрімізді дәріптеуге мүмкіндік береді.
 
Алтын күз – береке мен молшылықтың, ал бауырсақ – қазақы қонақжайлықтың символы!
Новости