«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп ауласын тазалау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына мектеп ұжымы мен оқушылар белсенді қатысып, мектеп ауласын қоқыстан тазарту, түскен жапырақтарды жинау және айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, еңбекқорлыққа және тазалықты сақтауға тәрбиелеу.
Таза мектеп – таза орта – жарқын болашақ!