5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай тілдің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыруға және оқушылардың тілдік мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, көптілділік мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өзге ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тіл – ұлттың рухани байлығы, халықтың баға жетпес қазынасы. Ана тілін құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!