back-image
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Ұстазға алғыс» апталығы ұйымдастырылды
05-10-2026 23:24
«Ұстазға алғыс» апталығы ұйымдастырылды
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 5 қазан – Ұстаздар күніне орай «Ұстазға алғыс» атты мерекелік апталық ұйымдастырылды.
 
Апталықтың негізгі мақсаты – ұстаздық мамандықтың мәртебесін арттыру, педагогтердің еңбегін дәріптеу, оқушылардың бойында ұстазға деген құрмет, ризашылық және ізгілік сезімдерін қалыптастыру.
 
Апталық аясында ұстаздарға құрмет көрсетуге, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін насихаттауға бағытталған тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар өткізілді.
 
Аталған апталық ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты нығайтып, мектеп ұжымында мерекелік көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.
 
Ұстазға құрмет – білімге құрмет!
 
Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік жетістіктеріне куә болуды тілейміз!
Жаңалықтар