«Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өткізілді
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында апталық ұйымдастырылды.
Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, бірлік пен ынтымақты нығайту.
Апталық аясында оқушыларға отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіруге бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар оқушылар арасында отбасы құндылықтарын дәріптейтін сурет байқауы ұйымдастырылып, балалар өз шығармашылық жұмыстары арқылы отбасы туралы түсініктерін бейнеледі.
Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шаралар оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыруға, адамгершілік қасиеттерін дамытуға және отбасы құндылықтарының маңызын терең түсінуіне бағытталды.
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі, қоғамның берік негізі!