1 қыркүйек – Білім күні!
2026 жылғы 1 қыркүйек күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Білім күні – ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың басын қосатын ерекше мереке. Жаңа оқу жылы білімге деген құштарлық пен жаңа жетістіктерге ұмтылысқа жол ашады.
Барша ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы табысты, жемісті, жарқын жетістіктерге толы болсын!