back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Жауапты таңдау — жауапты іс-әрекет»
16-11-2026 21:53
«Жауапты таңдау — жауапты іс-әрекет»
6-сынып оқушыларымен «Жауапты таңдау — жауапты іс-әрекет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, дұрыс шешім қабылдауға үйрету, тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, белгіленген ережелерді сақтауға және қауіпсіздік талаптарын орындауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. «Тиімді қарым-қатынас дағдылары»
Оқушыларға адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы түсіндірілді. Өз ойын ашық әрі мәдениетті жеткізу, өзгені мұқият тыңдау, үлкенді сыйлау, достарының пікірін құрметтеу және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу жолдары талқыланды.
2. «Жауапты таңдау және белгіленген ережелерді сақтау»
Оқушылар жауапты таңдау жасаудың маңызын түсінді. Әрбір іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесі болатыны айтылды. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін, қоғамдық орындардағы тәртіпті, жолда жүру және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға әр шешіміне жауапкершілікпен қарау керектігі ескертілді.
3. «Шұғыл қызметтер нөмірлері»
Оқушыларға төтенше жағдай кезінде хабарласатын шұғыл қызметтердің нөмірлері таныстырылды:
· 101 – өрт сөндіру қызметі;
· 102 – полиция қызметі;
· 103 – жедел медициналық жәрдем;
· 104 – газ қызметі;
· 112 – бірыңғай төтенше жағдайлар қызметі.
Новости