back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
ВОЛЕЙБОЛ – БІРЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІК ОЙЫНЫ!
09-11-2026 08:57
ВОЛЕЙБОЛ – БІРЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІК ОЙЫНЫ!

Баршын тірек мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

 
Аталған спорттық іс-шара мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бірлесуімен өткізілді.
 
???? Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын, командалық бірліктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты өткен ойын оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
???? Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.
 
Мұндай іс-шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, ұйымшылдыққа, достыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.
Жаңалықтар