ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕБАТ ӨТКІЗІЛДІ!
2026 жылғы 12 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 8–9 сынып оқушылары арасында «Мектептегі тәртіпті сақтау үшін қатаң ереже қажет пе?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Пікірсайыс барысында оқушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, олар өз көзқарастарын білдіріп, дәлелді аргументтер келтірді. Қарсы тараптың пікірін тыңдап, сыни тұрғыдан ойлау, өз ұстанымын қорғау және шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жауапкершілікке, әділдікке және өзара құрметке тәрбиелеу.