ВОЛЕЙБОЛ – БІРЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІК ОЙЫНЫ!
Баршын тірек мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шара мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бірлесуімен өткізілді.
Мұндай іс-шаралар оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, ұйымшылдыққа, достыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.