Кітапханаға саяхат – рухани қазынаға жол!
Бүгін біздің балабақша тәрбиеленушілері кітапханаға қызықты саяхат жасады.
Саяхат барысында кітапханашы апай балаларды кітапхана әлемімен таныстырып, түрлі-түсті қызықты кітаптарды көрсетті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, балаларға әдемі ертегі оқып берді. Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, балалар көңілді асық ойынын ойнап, бір сергіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. 
Осындай танымдық саяхат балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық ойындарымызды танып-білуіне мүмкіндік берді.
Кітапханаға жылы қарсы алып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлаған кітапханашы апайға алғысымызды білдіреміз! 
Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы!