Кішкентай қолдардан – әдемі көбелектер!
Бүгін балабақшамызда балалармен қызықты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер түрлі-түсті қағаздардан әдемі көбелектерді жапсырды.
Жапсыру барысында балалар түстерді ажыратып, ұсақ қол моторикасын дамытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр бала өз қиялындағы әсем көбелегін жасап, ерекше қуанышқа бөленді. 
Осындай қызықты жұмыстар арқылы балалардың өнерге деген қызығушылығы артып, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Балалардың әрбір жасаған жұмысы – кішкентай жетістік! 
