«АЛТЫН КҮЗ – АЛТЫН БАЛАЛЫҚ!»
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғаттың әсемдігін сезіне білуге баулу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында «Алтын күз» тақырыбында сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар күз мезгілінің әсем көріністерін өз қиялдарымен бейнелеп, түрлі түсті бояулар арқылы ерекше туындыларын салды. Әр суреттен балалардың шығармашылық ізденісі, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен ерекше қиялы көрініс тапты. 
Осындай қызықты шаралар балалардың демалысын мазмұнды өткізуге, өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.