Кітап – ұлттың рухани қазынасы.
Баршын тірек мектеп кітапханасы мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Тілдер күніне орай мектепішілік жиын өтті.
Іс-шара барысында ұлт ұстазы, көрнекті ағартушы, ақын әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ахмет – ұлт руханиятының шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі 10-сынып оқушыларына таныстырылып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлттық руханиятымызға қосқан өлшеусіз еңбегі туралы мағлұматтар берілді.
Кітап – ұлттың рухани қазынасы.
Ана тілін ардақтау – әр ұрпақтың парызы!