Баршын тірек мектебінде, «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
Баршын тірек мектебінде, «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Жиналыс барысында: *интернеттегі қауіптер;
*шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
*балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
*баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
*әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар турасында ақпараттар ұсынылып, талқыланды.
Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді.