back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Школьные мероприятия

Категория: Школьные мероприятия

нашақорлықтың алдын алу

нашақорлықтың алдын алуға арналған материалдар

2024-04-11 14:29:15

Скачать

«XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!»

«Шашубай кентіндегі «Мектеп – бөбекжай кешені» Тірек мектебі (РО)» КММ -де бастауыш сыныптар арасында «XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу-сауаттылығы апталығының жоспары бойынша Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы облыстық «Бір отбасы-бір кітап» акциясын жүзеге асыру мақсатында «Кітап – өмір ұстазы» атты буккросинг - кітап алмастыру акциясы өтті. Оның мақсаты: кітап оқу идеясын насихаттау. Акцияны ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімдері -Муртазина А.Т. Есильбекова Р.Т.. Акцияға балалардың көпшілігі қызығушылық танытып, өздері оқыған кітаптарын сыныптастарына сыйлады.Тағы бір ерекшелігі жоғарғы сынып оқушыларының бұрын өзі оқыған ертегі кітаптарын кіші сыныптағы іні-сіңілілеріне сыйлауы болды. Баланы кітап оқу тарту, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру- бүгінгі күні өзекті мәселеге айналды. Бүгінгі күн -балалар үшін кітап әлеміне жетелейтін, жол салатын күн болғай!

2024-01-29 16:50:23

Скачать

«Біз бейбіт өмірді қалаймыз!»

НАҒЫЗ ДОСЫҢНЫҢ БОЛҒАНЫН ҚАЛАСАҢ - ДОС БОЛ! ✍???? «ДосболLIKE:достық қолын ұсын» акциясы аясында 6 «Б» сынып оқушыларымен «Біз бейбіт өмірді қалаймыз!» атты ойталқы тәрбие сағаты өтті. ☑️Мақсаты:адамгершілік тәрбиесін оқушы бойына сіңіру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз Отанына құрметпен, қарауға, ұлт жандылыққа, мәдениеттілікке адамгершілікке, діни түсініктік пен сыйластыққа тәрбиелеу. ????????‍????Ұйымдастырушы: Б.Акжигитова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2024-01-29 16:48:56

Скачать

«ИГРОМАНИЯ»

ЛУДОМАНИЯ: салдары, себептері мен симптомдары ✍????6 «В» сынып оқушыларымен «ИГРОМАНИЯ», яғни ойын/интернет ойындарға тәуелділік туралы тәрбие сағаты өтті. ☑️Жастар арасындағы құмар ойындарына тәуелділікті азайту мақсатында өткен шарада лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ, тереңінен түсіндірілді. ????????‍????Ұйымдастырушы: Р.Әбілқап, физика пәнінің мұғалімі

2024-01-29 16:47:13

Скачать

" Мен математикамен доспын "

2024 жылдың 22-26 қаңтар аралығы математика апталығы.Апталық барысында " Мен математикамен доспын " атты математикалық ребустар, сөзжұмбақтар сайысы өтті. Математикалық сөзжұмбақтар мен ребустар арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытамыз.

2024-01-29 16:45:48

Скачать

«Тарих арқылы өнерге»

2023 жылдың 14 желтоқсанында Шашубай кентіндегі « Мектеп бөбекжай кешені ТМ (РО) КММ-де «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында «Тарих арқылы өнерге», «Киелі тарих», «Тәуелсіздік тұғырым» атты суреттер байқауы өтті. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты.

2023-12-15 09:06:07

Скачать

«Тарих толқынында»

2023 жылдың 11 желтоқсанында Шашубай кентіндегі « Мектеп бөбекжай кешені ТМ (РО) КММ-де «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының ашылуына байланысты саптық жиын және сынып сағаттар өткізілді. Пән апталығының мақсаты : білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту.

2023-12-15 09:04:59

Скачать

«ОТБАСЫ –ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ»

«ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ» облыстық форумының шеңберінде 7 желтоқсан – Ақсақалдар және бата беру күні арналған «ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» атты 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған бата беру жарысы өтті. ✅Мақсаты: - Ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау; - Өскелең ұрпақтың мәдениеттілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту; - Тұрмыста бата беру әдебінің қалыптасуына ықпал ету; - Бата түрлері мен берілу жолы жайында қажетті ақпаратпен таныс болу; Сайыс қорытындысын кентіміздің “Ақсақалдар ұйымы” және “Ардагерлер ұйымы” мүшелері шығарды. ????Сайыс жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2023-12-11 09:45:40

Скачать

«Қашықтықтан ВООМ» жобасы

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ» форумы аясында «Қашықтықтан ВООМ» жобасы ♻ТАЛАП құндылығын іске асыру мақсатында «Технологиялық және цифрлық дағдыларды насихаттау» қалыптастыру.

2023-12-11 09:42:41

Скачать

"Код сағаты 2023"

"Код сағаты 2023" іс-шарасының 2-ші күні. Оқушылардың белсенділігі бағалануда.

2023-12-11 09:41:39

Скачать

"Код сағаты 2023"

Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" аясында мектебімізде "Код сағаты 2023" басталды. Апталық желтоқсан айының 4-11 арасында өткізіледі. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде, қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру.

2023-12-11 09:40:55

Скачать

ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» клубы

✍????«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу. ♻️Клубтың міндеттері: • аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту; • ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу; • өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

2023-12-11 09:39:30

Скачать

Новости