«Асық ату»Ұлттық құндылықтарымыздың бірі – «Асық ату» ойыны Асық ойыны қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты обьектісі де, құралы да –асық. Аталмаш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке тәрбиелейді.
Тіліміздегі асығы алшысынан түсті,бүге-шігесіне дейін анықтау тіркестері тегін айтылмаса керек. Сондай ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар.
Осындай қүндылықтарды жетілдіру мақсатында мектебімізде төменгі сыныптар арасында «Асық ату» ойынынан жарыс өткен болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, әртүрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. |
2023-12-11 09:38:09 |
Скачать
|
СЫНЫП САҒАТТАРЫАпталық сынып сағаттары «Еңбек күніне» арналған «Менің жетістігім - менің нәтижем» тақырыбында өтті. |
2023-11-08 15:06:43 |
Скачать
|
ШЫҒАРМА ЖАЗУЕңбек күніне орай мектебімізде 6-7 сынып оқушылары арасында "Еңбек- бәрін де жеңбек" тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды.
????Мақсаты:
????Еңбек құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
???? Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
????Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
????Шығарма байқауына қатысып, шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білген оқушыларымыз:
????️Оразхан Арайлым 7"Б" сынып
????️Сапарғали Ләйлә 7"А" сынып
????️Ахмет Мерей 6"А" сынып
????️Қайрат Айғаным 6"Б" сынып
????️Самат Ақерке 6"Б" сынып
????️Кәкім Кәусар 6"А" сынып
????️Серікбай Шарапат 6"Б" сынып
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.????
Жауапты мұғалім: Акжигитова Б.Ж. |
2023-11-08 15:05:47 |
Скачать
|
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 1 сынып оқушыларының ата-аналарына «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында жиналыс өтті.
Мақсаты:
✅Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
✅Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту.
✅Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
✍????Жиналыс танысу тренингінен басталды. Жиналыс тақырыбына сай жұмыс жасау мақсатында ата-аналар топқа бөлініп постер қорғап әртүрлі жаттығу жұмыстары жүргізілді.
1 «А» сынып жетекшісі: Дюсенбаева А.К. |
2023-11-08 15:04:28 |
Скачать
|
«Еңбек түбі – береке!»Еңбек күніне орай мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында «Еңбек түбі – береке!» сурет салу тақырыбында байқау үйымдастырылды.
????Мақсаты:
????Өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету.
????Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
????Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
????«Еңбек түбі – береке!» сурет байқауына қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көресете білген жас өнерпаздарымыз.
????️«Үздік сынып» номинациясы бойынша: 1«А», 2«Б», 2«В», 4«А»
????️«Өнерлі сынып» номинациясы бойынша: 1«Б», 1 «В», 3«Б», 3«В»
????️«Дарынды сынып» номинациясы бойынша: 4«В», 4«Б», 3«А», 2«А»
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.????
Жауапты мұғалім: Калиякметов Н.Н |
2023-11-08 15:02:59 |
Скачать
|
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫБүгін мектебімізде құзырлы органдардан тиісті мамандардың, Қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
????Күн тәртібінде:
• Мектеп формасы;
• Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері;
• Ерте жүктіліктің алдын алу;
• Буллинг және оның алдын алу;
•Лудомания.
Осы тақырыптарды қамту мақсатында - Шашубай кентінің дәрігерлік амбулаториясының акушер-гинекологы Д.Н.Акатаева, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор, аға лейтенант А.П.Қасымбеков, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. Д.А.Карипбаева ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. |
2023-11-08 15:01:56 |
Скачать
|
Төтенше жағдайлар және өрт кезіндегі қауіпсіздік оқу-жаттығулары
????2023 жылдың 27 қыркүйек күні Шашубай кентіндегі «Мектеп-бөбекжай кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-де кезекті төтенше жағдайлар және өрт кезіндегі қауіпсіздік оқу-жаттығулары өтті.
????Басты мақсаты – қызметкерлер мен оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған кезде мектеп оқушылары мен мұғалімдерін шұғыл жағдайда көшіру дағдыларын пысықтау
????Мектептің АӘТД ұйымдастырушысы Қайпыш Х.Р. және ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары Айнеков Е.А. төтенше жағдайларда шұғыл көшіруге дайындық жоспарын әзірлеп, мектеп ғимаратының әр қабатына кезекші мұғалімдер тағайындады. Сынып ұжымдары мұғалімдерімен бірге өрт қауіпсіздігі дабылы бойынша шұғыл түрде мектеп ғимаратын 7 минут аралығында босатты.
????АӘТД ұйымдастырушысы Қайпыш Х.Р. білім алушылардың мектептен толық шыққандығы туралы тексеріп өтті.
????АӘТД ұйымдастырушысы Қайпыш Х.Р. мектеп директорының міндетін атқарушы Бегдербекова Б.К.-ға қызметкерлер мен оқушылардың толық эвакуацияланғандығы туралы баяндап берді. Оқу-жаттығу нәтижесі төтенше жағдай орын алғанда шұғыл мектеп ғимаратын босатуға мектеп оқушылары мен қызметкерлері дайын екенін көрсетті. |
2023-11-08 14:58:56 |
Скачать
|
«ҚАМҚОР» облыстық кең ауқымды рейді«ҚАМҚОР» облыстық кең ауқымды рейді
✍???? Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қиын өмірлік жағдайдағы тап болған қолайсыз отбасыларды анықтау, балалардың құқықтарын бұзу фактілер, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында рейдке қатысушылар:
• Д.Карипбаева директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а.;
• К.Е.Дуйсеметова "Шашубай кентінің әкімі аппараты" ММ -ің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
• А.П.Қасымбеков кәмелетке толмағандар ісі бойынша испектор, полиция аға лейтенанты;
• Г. Шакенова, отбасылық амбулатория медбикесі;
• Е.Н.Серіков Қамқоршылық кеңес мүшесі, Ақтоғай ауданының мәслихат депутаты;
• А.Закирбекова Қамқоршылық кеңес мүшесі, ата-ана.
✍????Рейд қатысушыларымен балаларға қатысты құқықбұзушылық анықталған жоқ. ✅Әрине, алдағы уақытта мұндай бірлескен жұмыстар мерзімді өткізіліп отырады. |
2023-11-08 14:57:05 |
Скачать
|
"БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - АТА-АНА"6 "Б" сыныбының жетекшісі Акжигитова Балнур Жалелқызының ұйымдастыруымен "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - АТА-АНА" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
✅Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
✅Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
✅Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы.
????Жиналыс барысында ата-аналар жоспарланған тренингтерге белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындап жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Ата-аналар бір-біріне жақсы тілектер тілеп, "Ата-ана, оқушы, мұғалім" деген байланысты басты мақсатқа қойып, ситуациялық сұрақтармен әңгімелесіп, жиналысымызды қорытындыладық. |
2023-11-08 14:55:44 |
Скачать
|
Қызықты география8 сынып оқушылары географиялық әдістер тақырыбының негізінде модельдеу жұмыстарын жасады.
Материалдық модельдерді жасау барасында білім алушылар әр түрлі табиғи және жасанды заттарды пайдаланған. |
2023-09-19 08:38:54 |
Скачать
|
«СЕРГІТУ СӘТІ» ЧЕЛЛЕНДЖІАстана уақытымен сағат 12:00-де 1-4 сынып, 5-9сынып, 10-11 сынып қатысуымен «Сергіту сәті» челленджі өтті.
Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау.
Челлендждің міндеттері:
✓ физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
✓ оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
✓ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. |
2023-09-19 08:37:10 |
Скачать
|
Адалдық сағаттарыҚазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Шашубай кентіндегі мектеп оқушылары сағат 11:00 де облыстық ашық диктант жазды. Сауаттылықты арттыратын шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту.
|
2023-09-19 08:35:44 |
Скачать
|