back-image
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Тәрбиелік шаралар

Абай атындағы тірек мектепте «Адамгершілік неммен өлшенеді?» тақырыбында өткен тәрбие сағаттары туралы мәлімет.

Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатта мектептің 1-10 сынып оқушылары арасында «Адамгершілік неммен өлшенеді?» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

 

 

Абай атындағы тірек мектепте өткен Адалдық сабақтары туралы мәлімет

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру, адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, адал,шыншыл болуға тәрбиелеу мақсатында 5-10  сынып оқушылары арасында «Адалдық –адамдықтың белгісі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 

Адалдық:

•Қоғам әділеттілігінің негізі болады;

•Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;

•Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.

Абай атындағы тірек мектепте 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне

орай өткен шаралар туралы мәлімет

16 желтоқсан - тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні. Тағзым күнінің басты мақсаты-Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету,оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.Мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының «Салауатты өмір салты» фракцияның мүшелері мектепте безендіру жұмыстарын жүргізіп, аптаның алғашқы дүйсенбі күні таңертеннен бастап, викторина ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Абай атындағы тірек мектептің оқушылары облыстық «Тәуелсіздік-басты құндылық!» диктантын жазуға белсене қатысты.

Топар кентіміздің орталық кітапханасында "Ұлттық өрлеудің ұлы күні - тәуелсіздік" атты дөңгелек үстел өтті.Кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің атап өту барысында,  осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын, аманатын жастарымыздың бойларына сіңіріп, келешек ұрпағымыздың болашағы жарқын болу үшін, өткен тарихты еске ала отырып, болашаққа нық қадам жасауға шақырды. Тәуелсіз еліміздің жері, тарихы, салт-дәстүрі болашағымыз үшін өте қымбат екені оқушыларға жеткізілді.  Абай атындағы тірек мектебінің Өзін-өзі басқару ұйымының  «Салауатты өмір салты» фракцияның оқушылары қатысып, білім қоржындарын, рухани жан-дүниелерін толықтырып, ерекше  көңіл күйде қайтты.

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Абай атындағы тірек мектептің «Ақпарат» фракцияның оқушылары апта бойы үлкен үзілісте ақпараттық хабарламаларды беріп отырды.

Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-Желтоқсан!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Оқушыларда ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру мақсатында мектептің Дебат клубының жетекшісі Болатбек М. «Оқушылардың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына әлеуметтік желілердің ықпалы» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат турнирін өткізді.

 

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын ІНДЕТ, сондықтан оны тоқтатпайынша мемлекетте өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. 

Оқушылардың бойында өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында Адалдық сабақтары өткізілді.

Баланың бойына шыншылдық, адалдық, әділдік қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, мәртебесі.

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай оқушылардың бойында өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында «Құқық және тәртіп» фракциясы адалдық тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Абай атындағы тірек мектепте Қазақстан Республика күніне орай өткен шаралар туралы мәлімет

Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу және Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу мақсатында «Қазақ елі менің - Отаным» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Өскелең  жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында биылғы оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 13 оқушы қабылданды. Оқушыларға галстук пен төс белгі тағу құрметі мектептің ұлағатты, ардагер ұстазы Гуляим Хамзиевна мен шәкірттерге әскери- патриоттық тәрбие беруде еңбегі зор ұстазымыз Балғаш Габитовичке берілді. Жас Ұландықтар берген анттарына берік болатыныдарына уәде берді. Өзін-өзі басқару ұйымы-оқушылардың  мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Биылғы оқу жылында мектеп Президентілікке 8 оқушы бақтарын сынады. Дауыс беру қорытындысы бойынша 2022-2023 оқу жылының Президенті болып 10-сынып оқушысы Бақытжан Диана сайланды. Мектеп Парламентінің министрларына адал жұмыс, шығармашылық пен қажырлы еңбек тілейміз.

 

Отбасы күніне орай өткен шаралар туралы мәлімет

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата - ананың көзқарасын кеңейту, ұстаз - оқушы - ата - ана өзара қарым - қатынастарын жақсарту, отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту мақсатында 1-11 сыныптар аралығында «Отбасы-ұлт рухының айнасы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар ата-аналарына арнап, «Әкешім, анашым, сіздерден.....күтемін» тақырыбында хаттар жолдады. Хаттар жиналыста ата-аналарына  табысталады.

Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында  бастауыш сынып ата-аналары арасында «Әке, шеше және мен» отбасылық эстафета ұйымдастырылады. Эстафетаға өте белсенді  қатысқан Шакеевтар, Шяматан, Александровтар отбасыларына ерекше алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.

Мектептегі бірінші жыл бала үшін өте қиын. Бір күнде оның өміріндегі көптеген өзгерістер болды. Баланың көңіл-күйі, оның мектепке деген көзқарасы, оқуға деген құлшынысы, тіпті физикалық саулығы мектепке бейімделудің қалай өтетініне байланысты болады. Бейімделу кезеңі тез және тегіс өтуі үшін бала мен ата-анасына  осы тәжірибелердің барлығын жеңуге көмектесу мақсатында мектеп психологі Сеитова Ш. ата-аналарымен кездесу ұйымдастырып, баланың мектепке бейімделуі бойынша психологиялық кеңестермен таныстыра отырып, ата-аналармен тренинг жаттығуларын  өткізді.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің «Әкелер Кеңесінің» төрағасы Ербол Бейсембайұлы 8-9-сыныптың ұл балаларымен «Адамгершілік-рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.  Бүгінгі  ұландар бойына ұлттық құндылықтарды  дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық болмақ.

Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп - білген салт - дәстүрлер, әдет - ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт - дүстүрлері бар.Отбасылық ғұрыптар, ұлттық тәрбие негізі.

 

Абай атындағы тірек мектепте өткен Білім күні 

1 қыркүйек - білім күні мектеп оқушыларына алғашқы қоңырау даусы естілді. Білім күні – баршамыз үшін ең қымбат және ең ыстық мереке! Еңбектеген сәби де, еңкейген қария да, дәрігерлер мен мұғалімдер де, кеншілер мен іскерлер де – барлығы – үлкен өмірге деген қадамды осы мектептен бастаған. Ал мектеп алғашқы қоңыраудан басталады.

Салтанатты жиынымыздың қонағы «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы  Адашев Нұрлан Рымбекұлы болды.

Бүгінгі алғашқы қоңырау соғу құрметі георграфия пәнінен өткен облыстық олимпиаданың жеңімпазы 11 –сынып оқушысы Уахиев Әділжанға берілді.

Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке,Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеутәрбиелеу мақсатында  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты  тәрбие сабақтары өткізілді.

2022 жылдың 01 қыркүйегінде құқықтық жаппай оқыту аясында 9-11 сынып оқушыларымен Абай ауданы ПБ ТБ аға тергеушісі полиция аға лейтенанты  Айтуова Айгерім Талғатқызымен  кездесу өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтарын  алды алу бойынша әңгіме өткізілді.

Новости