back-image
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)
1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталды!
01-04-2024 08:01
1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталды!
Құрметті ата-аналар! 
 
Бірінші сыныпқа құжаттарды баланың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін және екі жолмен e.bilimal.kz немесе «Egov.kz электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.  
Бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2024 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектепке қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
- порталға:
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у;
3) "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Мекен-жайымыз: 
Топар кенті, Н.Әбдіров к/сі, 11 Г.       
8 721 533 2097 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Новости