back-image
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысының есебі.

Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру. Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу. Барлық мамандықтың қажет екендігін ұғындыру. мамандықтармен таныстыруды жалғастыру. Мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту. Мамандықтың бәрі жақсы деген түсініктерін кеңейту. Еңбексүйгіштікке баулу. Мамандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандықтың адамгершілігі мен жауапкершілігіне назар аударту.

    Кәсіби шығармашылық танымын кеңеиту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру. Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру.

     Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

 9«А» «Ә» сынып оқушыларымен КМК «Абай ауданының орталық аудандық ауруханасы»  кәсіпорынның Жарғысы, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы  негізінде қызмет ететін заңды тұлға және Абай ауданының аймағындағы (Абай қаласы мен Қарабас кентін қоспағанда) тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін монополист болып табылады. Оқушылар жалпы бірнеше кабинетке кіріп. Аурухана қызметкерлерімен тілдесті, өздеріне қызықты сұрақтарды қойды. Оқушылар арасында аурухана қызметкері боламын деген сөздер айтыла бастады.

Бұл шараның мақсаты оқушылардың жалпы Топар кеңтіндегі мамандықтар бойынша мәлімет беру. Әр оқушы өз қабілеттерін, икемдіктеріне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс.

  

«Халық банк»

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

 

«Мамандығым өмірімнің айнасы» тақырыбында 10 сынып  арасында мамандық таңдауға байланысты эссе жазды.  Мақсаты: оқушылар өз қалауларын жасауға бағыт беру. Оқушылар мамандық таңдау, өмірдегі ең маңызды таңдаулардың бірі екені, мамандық таңдауда әр адам қабілетімен, білімділігінмен, өз қалауымен таңдауы керек деп ,- өз ойларын білдірген. Оқушылар: заң қызметкері, тілші, аудармашы, мұғалім, информатика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Кейбір оқушыларымыз ата-ана ықпалымен таңдауларын жасырған жоқ. Әр мамандық  жүрек қалауымен таңдап, болашақта сүйіп жасайтын жұмысы болуы керек.

«Менің болашақ мамандығым» сурет сайысы  6-8 сынып арасында.

Мақсаты :  Мамандық әлемі туралы көзқарасын дамыту, оқушылардың өз қабілетін, бейімділігін қызығушылығын мамандыққа сай тани үйрену.

  

Оқушылармен «Мен мамандық әлеміндемін»  дөңгелек үстел өткізу 10 сынып. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді деп 10-шы сынып оқушылары өз сөздерің аяқтады.

«Мамандықты дұрыс таңда» атты бұрышта мамандықтар бағыттары туралы ақпараттармен таныстыру 8-11 сынып оқушылары. Әрбір адам өзін –өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Қарағанды қаласы «Орталық Қазақстан Академиясы» халықаралық институционалдық және арнайы мамандандырылған оқу орнынан келді. Балалармен түсіңдіру жұмыстарын жүргізді.

    

«Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ университетіне» 10-11 сынып оқушыларымен «Ашық есік» күніне қатысып келді. 

    

  

«Абылқас Сағынов атындығы Қарағанды техникалық университетінен келіп  11 сынып оқушыларына  өз мамандықтары туралы айтып берді»     

  

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі қылмыстық –атқару жүйесі комитетінің «№35 мекеме» -сінен келді.  «ҚР   IIМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы».

«Екі мәрте  Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі» РММ-не келді.

  

Новости