back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №12"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №12"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, еліміздің дамуының негізгі бағыттарын айқындап, мемлекеттік органдарға бірқатар маңызды тапсырмалар берді.
 
Жолдауда көтерілген өзекті мәселелердің бірі – инклюзивті білім беру болды. Мемлекет басшысы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтеріне сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті.
 
Биылғы Жолдауда инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сапалы әрі мамандандырылған білім алуды қажет ететін балалардың саны жылдан-жылға артып келеді.
 
Сондықтан әрбір баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау, олардың қажеттіліктерін ескеру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру – қоғамымыздың маңызды міндеттерінің бірі.
 
Сонымен қатар, Президент Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне педагогтердің құқықтарын қорғау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
 
Президентіміздің Жолдауын қолдаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар