back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Спорт – денсаулық кепілі!
12-09-2026 10:24
Спорт – денсаулық кепілі!

Бүгін А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде денсаулық күніне байланысты спорттық іс-шара өткізілді. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілік, шапшаңдық және төзімділік қасиеттерін дамыту.
Оқушылар спорттық жарыстарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті. Жарыс барысында ұйымшылдық, достық және командалық рух ерекше байқалды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануға және спортпен тұрақты айналысуға ынталандырады.
Спорт – денсаулық кепілі!
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Нұраауданыәкімдігі
#біртұтас_тәрбие
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие

Новости