А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханасында
Мектеп кітапханасында «Қазақстан – менің Отаным» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы түсінік беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын құрметтеуге және елін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар Отан, туған жер, ел бірлігі туралы өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері мен әсем табиғаты туралы мағлұмат алды.
Шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, туған жерге деген құрметін арттыруға бағытталды.
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#біртұтас_тәрбие
#аасылбековмектебі
#кітапоқитынұлт
#УМЦ_КАРАГАНДЫ
#Заңментәртіп