back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«ЖАС ҚЫРАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ!
23-10-2026 12:36
«ЖАС ҚЫРАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ!

  «ЖАС ҚЫРАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ! 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі өтті.Салтанатты рәсім барысында ұйым қатарына қабылданған оқушылар Отанға адал қызмет етуге, білімді, тәртіпті, жауапты әрі белсенді азамат болуға салтанатты түрде ант берді. Жас ұландықтар мен жас қырандарға ұйымның айырым белгілері табысталды.Бұл күн – жас жеткіншектер үшін ерекше қуанышты әрі жауапты сәт. Ұйым қатарына қабылдану – үлкен сенім мен абырой, Отан алдындағы жауапкершіліктің алғашқы қадамдарының бірі. Болашағымыз – білімді жастардың қолында!#нұраауданыбілімбөлімі#РеспубликаКүні #25Қазан #ЖасҚыран #ЖасҰлан АдалАзамат БіртұтасТәрбие

Жаңалықтар