«Қауіпсіз интернет – сенің қорғаның»
Бүгін А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Қауіпсіз интернет – сенің қорғаның» тақырыбында оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет желісіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу және қауіпсіз онлайн орта қалыптастыру мақсатында бірқатар түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен ақпараттардан сақтану, әлеуметтік желілерді дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану туралы түсіндірілді.
«Қауіпсіз интернет – сенің қорғаның» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған тақырып бойынша пайдалы ақпараттар ата-аналарға да таратылды.