«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеуге арналған танымдық сағат ұйымдастырылды.
Сабақ барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, әдеби және ағартушылық қызметі туралы айтылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ғалымның қазақ тілі мен білім саласына қосқан үлесімен танысты.
Ахмет Байтұрсынұлының «ұлт үшін еңбек ету» жолы – әрқайсымызға үлкен үлгі. Оның мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы.
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg

