back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Тіл – ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы
07-09-2026 12:23
«Тіл – ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы
«Тіл – ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы
2026 жылдың 7 қыркүйек күні А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – ұлттың жаны» атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті.
Тілдер апталығының басты мақсаты – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге тілдерді қадірлеуге тәрбиелеу, сондай-ақ еліміздегі тілдік бірлік пен достықты нығайту.
Мерекелік шараның ашылуында құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Абаев Е.Е.-ге берілді. Мектеп директоры ұстаздар мен оқушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, тілдің адам өміріндегі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.
Тілдер апталығы аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және ана тілін құрметтеп, өзге тілдерді қадірлеуге бағытталған түрлі танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Новости