back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
01-09-2026 11:48
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
2026 жылғы 1 қыркүйекте А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның негізгі ережелерімен танысып, Ата Заңның еліміздегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік, заңға және мемлекеттік рәміздерге құрмет, білімге ұмтылу және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Сынып сағаты әңгімелесу, пікір алмасу және тақырыптық тапсырмалар түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын білдіріп, мектепте және қоғамда жауапты мінез-құлықтың мысалдарын келтірді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды «Адал азамат» болуға тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін арттыру және Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметін қалыптастыру.
Новости