back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары - экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»
01-09-2026 11:42
«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары - экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»
А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Биылғы 1 қыркүйек мерекесі тақырыбы: «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары - экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбымен өтіп, білім мен тәрбиенің, туған жерге деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын айшықтады. Салтанатты шараға Нұра ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Дария Сейтқазиевна қатысып, мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, білім беру саласына қосқан үлесі үшін зейнеткер ұстаз Жакупова Маржан Дюсенбековна Нұра ауданы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Іс-шара барысында мектеп директоры Абаев Ерболат Ерденович ұстаздар қауымы мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында баршаға толағай табыс,
шығармашылық ізденіс және биік жетістіктер тіледі.
Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 20-ға жуық бүлдіршін аттап, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. Оқушылар мектеп, білім туралы тақпақтарын айтып, әсем әндерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік жиын соңында сыныптарда сынып сағаттарымен жалғасты.
#oqu_agartu_ministrligi
#obb_qaragandy
#umckrg
Новости