«Ұшқыр ой алаңы»
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Ұшқыр ой алаңы» бағдарламасы аясында пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс тақырыбы:
«Қазіргі қоғамда кәсібилік еңбекқорлықтан маңыздырақ»
Аталған іс-шараға 9–11 сынып оқушылары қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, өзара пікір алмасты. Оқушылар тақырып аясында кәсібилік пен еңбекқорлықтың маңызын талқылап, дәлелді аргументтер келтірді.
Пікірсайыс барысында қатысушылардың сыни ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті және өз көзқарасын қорғау шеберлігі жоғары деңгейде көрініс тапты. Бұл іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Мақсаты оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге үйрету, шешендік өнерін жетілдіру және қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.

