« Шылым шегу, вейб, нашақорлық сияқты зиянды әдеттердің денсаулыққа зардабы»
Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарында « Шылым шегу, вейб, нашақорлық сияқты зиянды әдеттердің денсаулыққа зардабы» тақырыбында танымдық сынып сағаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оларды жат қылықтардан сақтандыру және өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

