«Экологиялық шеберхана»

14.05.2025 ж.
Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды сыныбында экология апталығы аясында «Экологиялық шеберхана» күні өтті.
«Жаратылыс әлемі» тақырыбында балалар табиғи және тұрмыстық қалдық материалдарды пайдаланып шығармашылықпен айналысты. Балалар пластикалық бөтелкеден құмыра мен себет жасап, гүлдер мен табиғи материалдардан аппликация орындады.
Бұл іс-шара балалардың табиғатты қорғауға және тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Тәрбиеші: Жетписбаева Г.Е