«Қазақ күресі» үйірмесі өз жұмысын бастады.
Мектепте «Қазақ күресі» үйірмесі өз жұмысын бастады.
Үйірменің мақсаты- ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу, ұлттық ойындарға сүйіспеншіліктерін арттыру және күрес техникаларын меңгерту. Үйірменің жас ұрпаққа берер пайдасы мол. Жас келсе іске демекші, үйірмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатов Қуанышбек жүргізеді. Оқушыларымыз да қызығушылықтарын танытып, белсенді қатысуда. «Қазақ күресі» үйірмесі оқушыларды төзімділікке, табандылыққа, ерік- жігердің жоғарлауына, қайсарлылық пен қайраттылыққа тәрбиелейді. Спорттың бұл түрі – қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр.