back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
10 сынып оқушысы Гран-При ұтып алды.
10-10-2024 10:04
10 сынып оқушысы Гран-При ұтып алды.
Ағымдағы жылдың 10 қазанында Б.Ысқақұлы атындағы аудан кітапханасында жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында белгілі ақын, әдебиетші ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ұлт қайраткері Бүркіт Ысқақұлы оқуларының байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар Нұра ауданының білім бөлімі мен Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болды.
Байқаудың мақсаты:
- Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау;
- жерлес ақынымыздың асыл мұрасын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, поэзиясының идеялық тереңдігін зерделеу;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырып, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру.
«Бүркіт оқулары» жас ерекшеліктеріне қарай 2 номинация бойынша өткізілді:
- бастауыш топ (3-4 сынып оқушылары) «Өнерпаз болсаң» тақырыбында, Сагидулла Кәусар -3 сынып оқушысы қатысты.
- ересек топ (5 -11 сынып оқушылары) «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында, Сагидулла Жанель -5-сынып, Ережепова Назерке -10 сынып оқушылары қатысты.
Жалпы «Өнерпаз болсаң» номинациясына 18 оқушы және «Елін сүйген ердің ізі» номинациясына 36 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы «Елін сүйген ердің ізі» номинациясы бойынша:
Ережепова Назерке -10 сынып оқушысы Гран-При ұтып алды. Жетекшісі Кусаинова Д.Б.
Новости