"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығының екінші күні.
Бүгін, яғни 6 ақпан күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде "Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығының екінші күні. Сыныптан тыс іс-шараға 2-4 сынып оқушылары ертегілерге саяхат тақырыбы бойынша Scratch бағдарламалау ортасында "Жануарлар" және "Бауырсақ" ертегісін құрастырды. Мақсаты: блок-схемалар арқылы алгоритмдерді жазу дағдыларын қалыптастыру. 5-6 сыныптар арасында логикалық ойлауды дамыту ойындары өткізілді. Мақсаты: логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді, қиялды дамыту.