back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Кітап- өмір ұстазы» тақырыбында букроссинг акциясы өтті.
19-01-2024 11:05
 «Кітап- өмір ұстазы» тақырыбында букроссинг акциясы өтті.
Нұра ауданы бойынша оқу сауаттылығы апталығы: «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде оқу сауаттылығы аясында 3 қазақ сыныбында «Кітап- өмір ұстазы» тақырыбында букроссинг акциясы өтті. Мектеп оқушыларын кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады, өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойың. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «Кітап сыйлау» немесе кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді.
Кітап - өмір ұстазы. Біздің болашағымыз - ЖАСТАР. "Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек" деп айтқандай біз жастарды кітап арқылы өмірге бейімдей аламыз. Сол себепті, кітапты оқуға, қадірлеуге тарту - біздің бірінші міндетіміз. «Букросинг» акциясына біздің мектептің оқушылары белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты.Сондай-ақ, балалар өзінің оқыған қызықты кітаптарын «Букроссинг» сөрелеріне қойып, орнын сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті.
Новости