back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Аутодеструктивті және бейәлеуетті жүріс тұрыстың алдын алу»
29-11-2023 12:25
«Аутодеструктивті және бейәлеуетті жүріс тұрыстың алдын алу»
2023 жылы 29 қараша күні, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» аясында мектебіміздің педагог-психологы А.Б.Жусупова жылдық жоспарға сәйкес «Аутодеструктивті және бейәлеуетті жүріс тұрыстың алдын алу» мақсатында мектебіміздің ұстаздары мен мектеп қызметкерлерінің қатысуымен тренинг өткізді.
Тренинг - психологиялық бағыт беру мақсатында аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық екендігі, қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқаны, оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқаратындығы туралы баяндалды. Тренинг барысында «Соңғы уақыт» бейне фильмі көрсетіліп, қатысушылардын ой-пікірлері талқыланды. «Сағат бойынша достар» жаттығуы жүргізілді. Римдік философ Сенеканың: «Әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет.
Новости