Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

А.Асылбеков атындағы ЖББМ 2 ақпан күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста оқушыларымыздың білім сапасы, мектеп формасы, алған жетістіктері талқыланды. Мектеп психологы А. Б. Жусупова ата-аналармен тренинг өткізіп, вейп электронды темекі жайлы презентация көрсетілді. Буллинг бойынша нұсқаулықтар оқылып, кеңес берілді.
#нұраауданыбілімбөлімі