![Буллинг - дегеніміз не? Буллингтің алдын алу жұмыстары](/media/img/blogs/643f69089bd70.jpg)
Мектебімізде буллингтің алдын алу мақсатында апталықтың ашылуы өтті. Апталыққа 1-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Сурет конкурстары, "Буллинг дегеніміз не?" атты тақырыбында ашық сабақтар жүргізіліп, ата-аналармен тренингтер өткізілді. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.