«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ!»
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Каникулда кітап оқимыз» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында бастауыш және жоғары буын оқушылары үйлерінде өздеріне ұнаған көркем шығармалар мен әдеби кітаптарды оқып, білімдерін толықтырды. Оқушылар кітап оқу арқылы таным көкжиегін кеңейтіп, рухани дүниесін байытып, ой-өрісін дамытуға мүмкіндік алды.
Кітап – сарқылмас қазына, білімнің қайнар бұлағы. Кітап оқуды әдетке айналдырған ұрпақтың болашағы жарқын!