«Отбасы күні»
Бүгін 6-сыныпта «Отбасы күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Сабақ барысында оқушылар отбасы туралы өз ойларын ортаға салып, түрлі тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Отбасындағы сыйластық, қамқорлық, мейірім мен өзара түсіністіктің маңызы туралы әңгімелесті.