«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі»
Баршын тірек мектебінде «7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні» қарсаңында «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбымен Республикалық бірыңғай сабақ өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім министрлігіне жолдаған хатына сәйкес ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау туралы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды күшейту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің бейнеүндеуін тамашалады. Өз сөзінде ол денсаулыққа қамқорлық жасаудың және белсенді, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай сабақтарды өткізу өскелең ұрпақтың өз денсаулығы мен әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.