Баршын тірек мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
Баршын тірек мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасын бақылау мақсатында мониторингтік топтың (бракеражды комиссия) мүшелері тарапынан тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында мектеп асханасының жұмысы, ыстық тамақты ұйымдастыру деңгейі, тәуліктік тағам нормасының сақталуы, ас мәзірінің нақты мөлшерге сәйкестігі, асхананың санитарлық тазалығы, азық-түлік сақталатын қоймалар мен тоңазытқыштардың жағдайы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар дайын тағамдардың сынамасының бар-жоғы да тексерілді.
Тексеріс нәтижесінде асханадағы ыдыс-аяқтардың таза әрі бүтін екендігі, ас блогының санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды.