
Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев өңірлік білім басшыларына жүктелетін негізгі міндеттерді атады ????Астанада облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста оқу-ағарту жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды. «Біз ашық және есеп беретін білім беру жүйесін қалыптастырудамыз. Әрбір басшы жоғары моральдық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл жұмыстың табысты болуы – жергілікті атқарушы органдардың тиімді қызметіне тікелей байланысты. Білім беру саласына бөлінген әрбір теңге балалардың игілігіне, олардың болашағына және елдің дамуына жұмсалуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев. ‼️ Министр «Адал Азамат» бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиелік жұмысты күшейту мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар өңірлерге білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру тапсырылды. Айта кетейік, қазіргі таңда 3 қала мен 17 өңірдің әкімдіктері қарамағында 211 аудандық білім бөлімі жұмыс істейді. #Нұраауданыоқубөлімі #Баршынтірекмектебі #oqu_agartu_ministrligi #altunsarin_akademiasy #obb_qaragandy #umckrg